Понедельник, 06.05.2024, 03:20
Стратегия гендерного равенства в Алматы
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 9
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2013 » Ноябрь » 7 » Баспасөз баяны
07:43
Баспасөз баяны

Баспасөз баяны

         2013 жылғы 12 қарашада сағат 11-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің 230 дәрісханасында профессорлар В.К. Григорьев пен Л.С. Ахметованың «Панфиловшылар: аңызға айналған ерліктің 60 күні» кітабының тұсаукесері болады.  Кітапты «Зияткерлік еңбек әйелдері одағы» Қоғамдық бірлестігі Алматы қ. ішкі саясат басқармасының жәрдемімен Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ауқымында басып шығарған.  Авторлары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері.

Соңғы кездегі оқиғалар көрсетіп отырғанындай, ақпараттық соғыстар әлемдік саясаттың маңызды элементіне айналуда. Олар көп ретте тарихи құжаттамаларға қатысты. Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің тікелей ұрпақтары болып табылатын авторлар үшін қаһарман бабалар қарсыластарының шабуылдарын өз тарихи алаңында қорғап қалу ар-намыс парызына айналып отыр. Кітапта олар сол бір кезеңнің бүгінгі немерелері мен шөберелеріне қаһарлы 1941-дің қиын-қыстау күндеріндегі біздің жерлестеріміздің іс-қимылы туралы әңгімелейді.

В.К. Григорьев пен Л.С. Ахметова Ұлы Отан соғысының ең күрделі кезеңіне байланысты бірқатар оқиғаларды тарихи талдау тұрғысынан алғанда өткен уақыттың белгісіз тұстарын толықтыруға талпыныс жасаған.

Оқулық-практикалық басылымда И.В. Панфилов атындағы 316 атқыштар-8 гвардиялық дивизияның қиян-кескі ұрыстары мен ерліктері, өмірі мен тұрмысы күн санап көрсетілген. Сондай-ақ Рокоссовскийдің 16 армиясына, панфиловшыларға қарсы тұрған неміс жағының да 60 күн бойғы күнделікті естеліктері мен құжаттары берілген.

Кітап студенттерге, жастарға, саясаткерлерге, педагогтарға, ХХ ғасырдың тарихы мен ақиқатына қызығатын жұрттың барлығына арналған.

 

Байланыс:

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер ассоциациясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы және ЮНЕСКО орталығы (мекен-жай – Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71)

                 Бердімбетова Балауса Аманқызы –8 (717) 377-33-60

                 Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы – 377-34-43, nazgul_71@mail.ru

                 Ахметова Ләйлә Сейсембекқызы – 8-701-744-04-75, laila_akhmetova@mail.ru

 

Просмотров: 784 | Добавил: Bdinas | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Bwlmhh  
0
order atorvastatin 40mg sale <a href="https://lipiws.top/">lipitor 20mg brand</a> lipitor 80mg brand

Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Архив записей
Друзья сайта
  • ОО "ЕрАзамат"
  • ОО "Союз женщин интеллектуального труда"
  • Сайт казахстанской школы социально-отвественной журналистики
  • Миграция.kz
  • Copyright MyCorp © 2024Создать бесплатный сайт с uCoz