Воскресенье, 19.05.2024, 02:13
Стратегия гендерного равенства в Алматы
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Выступления [4]
Семинар/тренинг [4]
Актуальная информация [1]
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 9
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » Файлы » Выступления

«Қазақстан Республикасында 2006-2016 жж. гендерлік теңдік стратегиясын» БАҚ-та жариялау мәселелері
24.07.2012, 19:07
    Қазақстан егемендігін алған уақыттан бастап елде гендерлік теңдік мәселесі де күн тәртібіне қойылған болатын.  Бұл бағыттағы реформа азаматтық қоғам орнатудағы басты тетіктердің бірінен саналды. Реформаның тіргеі ретінде саналатын құжат «ҚР 2006-2016 жж гендерлік теңдік стратегиясының» қабылдануы. Бүгінде стратегиялық мақсат мен міндеттердің орындалуы мемлекет, қоғам, азаматтар арасында үздіксіз орындалып жатқан кешенді шаралармен айқандалады.
       Қазақстанда статистика бойынша 9 мыңға тарта коммерциялық емес ұйымдар бар, олардың ішінде 250-і әйелдер мәселесімен айналысады. 20 жылдан астам уақытта барлық азаматтық сектор сияқты еліміздегі әйелдер қозғалысы белменді дамуда. Бүгінде Қазақстанда жүздеген әйелдер ҮЕҰ гендерлік мәселелер алаңында кәсіби жұмыс атқарушылардың ауыспайтын ядросы болған  көшбасшылары жұмыс істейді.
         Әйелдер ҮЕҰ он жылдан астам уақыт ішінде белсенді қатысып, 2009 жылы  тұрмыстағы зорлық және әйелдер мен ерлердің тең құқылы және мүмкіндіктері тең осы екі маңызды заңдарының қабылдануына қол жеткізді. 
         Қазақстандағы әйелдер құқығы және ер мен әйел арасындағы теңдік идеяларын өз жұмыстары мен бағдарламаларына дәйекті түрде арқау етті.
       Әйелдер ұйымдары ақпараттық желілерде, газет және журналдарда өз проблемаларын ұжымдық талқылауға салады. Әйелдер мен еркектер арасындағы теңдік жөніндегі гендерлік курстары университет аудиторияларында дебаттар кеңістігіне айналуда.
    ҮЕҰ белсенділері әйелдер мәселесі жөнінде көптеген халықаралық кездесулерде, Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанда орындалған шаралар бойынша есептерді тыңдауда, CEDAW халықаралық конвенцияларда  сөз сөйледі.
    ҮЕҰ әйелдері әлеуметтік жарнамаға, деректі фильмдерге түсіп, монографиялар, зерттеулер есебі, әйелдер құқығы мониторингтері, буклет, күнтізбелер, плакаттар, карталар, постерлер, көрмелер катологтары және т.б. шығарылды. БАҚ-тағы сексизмге қарсы көрмелер, конкурстар және зорлық-зомбылыққа қарсы балалар суреттері, гендерлік теңдік үшін, зерттеу жобалары бойынша конкурстар, студенттік эсселер, журналистік еңбектер және т.б.  жұмыстар өткізілді.
     Өмірде тауқыметтің зардабын тартқан әйелдерге көмек көрсетуші ұйымдар, әлеуметтік бағыттағы мекемелер тобы құрылды. Жәбірленушілердің өмірін өзгертуге көмек берген әйелдердің бір-біріне көмек көрсетудегі ресми емес форумдары үнсіздікті жоюға, қоғамның зорлық-зомбылықтың құрбандарын айыптауын доғаруын және «тұлғалықтан саясилыққа» көшуіне ұмтылған әрекет ету тобына айналды. 90-жылдардың екінші жартысында әйелдерді зорлықтан қорғауға бағытталған әйелдер қозғалысы дами бастады. Артынша олар қоғамдағы зорлық жасамау сипатындағы насихат жұмысы және әйелдерді қолдаудың екі жақты рөлін атқаратын дағдарыс орталықтары құрылды
     Дағдарыс орталықтарының қызметі телефонмен ақыл-кеңес беру, дәрігерге дейінгі, психологиялыық және құқықтық көмектердің ұсынылуы түрлі формада зәбір көрушілерге, комплексті кәсіби жүйенің көмегіне және әйелдерді қолдауға құруға бағытталған; Басқа да орталықтардың жұмыстары үшін мамандарды даярлау, әйелдерге деген зорлыққа қарсы және жәбір көрушілерге салғырттық таныту мәселелеріне қоғам мен мемлекет трапынан назар аударылуы. Үкіметтік емес ұйымдардың саны артуы, ең алдымен, грант жүйесі арқылы құрылған халықаралық қор мен мекемелердің  тарапынан қомақты қаржылай қолдаудың есебімен түсіндіріледі.
    Бірқатар әйелдер қоғамдық ұйымдары (Алматы қаласындағы «Подруги», Ақтау қаласындағы «Надежда» дағдарыс орталығы, Петропавловл қаласындағы әйелдерді қолдау орталығы, ШҚО Риддер «Незабудка» әйелдерді қолдау орталығы, Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы) 2000 жылы ұлттық аймақтық желілік қорларының  негізіне сай Қазақстандағы Дағдарыс орталықтарын құрылды. Бүгінде орталық Қазақстанның 11 аймағының 13 ұйымдарын құрайды. Желілік өзара әрекеттестік республикалық деңгейдегі проблемаларды әйелдерге қатысты зорлықты жоюдағы жұмыстарының тиімдірек болуына мекемелермен ақпараттық алмасуды жүзеге асыруда тығыз байланыс орнатуда жергілікті өкілдердің назарын аударуға мүмкіндік береді.  
    Бүгінде бірқатар минстрліктер мен ведомствалардың бағдарламалары отбасылық зорлық проблемалары дағдарыс орталықтарының күштерімен шоғырланды. Әйелдер мен балалардың күш қолдану қатынасы пайда болуының барлық түріне «шыдамдылықтың жойылуы» принципіндегі оқу материалдары арқылы сүзектен өткізіліп, зәбір көрушілермен полиция жұмыстарын ұғыну үшін білім бағдарламалары енгізіледі. Мектептегі, үйдегі, көшедегі күш қолданудың болатыны туралы тұрғындардың әртүрлі топтарына арнайы, әсіресе олардың ішінде балалардың білімін кеңейту мақсатында ақпараттық материалдар жинауға мүмкіндіктер болып отыр.      
     Алға қойылған мақсаттардың жүзеге асыру үшін отбасындағы зорлықтың алдын алу, гендерлік теңдіктің дамуы, қоғамдағы мәдениеттің дамуы, зорлықсыз қарым-қатынас құндылықтары негізіне құрылған ҮЕҰ аталмыш ұйыммен мемлекет құрылымымен серіктестік байланысты  орнатады.
       Науқан жалпы мақсаттардың жүзеге асуында серіктестік, тәжірибе және ақпарат алмасуды, жобаларды бірігіп өткізуін, қорлардың дамуы мен ұлғаюы ретінде қарастырады. Орын алған проблемаларды шешуде ынтымақтастық және өзара жауапкершілік сезіммен қарайтын әлеуметтік серіктестіктер көптеген жобаларды тиімді түрде жүзеге асырады. 
     Өзара әрекет етудің басқа тұрақты формасы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы  ведомство аралық қызметке  (кәмелетке толмаған балалар ісі және олардың құқығын қорғауда; адам саудасының алдын кесуде кіргізілуі мен шығарылуы)  ҮЕҰ өкілдерін тарту болып табылады.  
  
Соңғы жылдары мемлекеттің гендерлік теңдіктің қозғалысы саясатына қарамастан, қоғамда гендерлік теңдік және жариялылық институттарының саясатының тиімділігімен салыстырмалы түрде белгіленген пессимизмнің әбден шырмалып қалғаны байқалады. Гендерлік қарым-қатынас ұйымдарының  әдісімен салыстырып қарағанда, әдеп-ғұрыптың әдіс-тәсілдерін (патриархаттық) қатал ұстануы, полигамияның қайта оралуы және әйелдерді  үй жағдайында шығармай ұстауы жиі көрініс тауып жатады.
    Гендерлік теңдікті ресми мойындауы мемлекеттің жариялылық саясатының принципі ретінде халықаралық қоғамдастықтың және әйелдер ҮЕҰ қысымымен қол жеткізуі Қазақстандықтардың күнделікті өміріне ерлер мен әйелдер теңдігі идеясының қабылдануы шынайылықты білдірмейді.
      Мемлекеттік емес ұйымдардың дамуының ең әлсіз тұстары қазіргі уақытта азаматтық сектордың, әсіресе, ауылды жерлерде біркелкі болмай отыр. ҰЕҰ негізінен алып қарағанда, өз жұмыстарын Алматыда, Астанада және облыс орталықтарында өткізеді. Дейтұрғанмен, азаматтық бастамалар мен мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен тең құқылы серіктестердің бірлескен жұмыстарында өткір әлеуметтік проблемалардың шешілуіне ретінде мемлекеттік емес ұйымдардың назарын аударту аясында әрекеттер жасалынып, ауылдағы әйелдер қозғалысының дамуы жандана түседі.
    Жаһандану әлемі трансұлтты болып қалыптасуда. Тек капитал ғана емес, материалдық қорлар, адамдар оңай шекараларды асып өтеді.Сонымен қоса, ақпарат, білім, идеялар, мәдени феномендер шекарасынан өтеді. Әлем тұтас желіге айналды, желілер ішінде қоян-қолтық байланыста болады. Дүние жүзі бойынша ақпараттар қас-қағым сәтте тарап отыратын болады. Ашық желілерде кімнің жеке парақшасы жоқ? Біздің таңертеңгілік интернет-басылымдарды, келген хаттарды, блогтағы жазуларды оқумен басталады.
    Қазақстандық БАҚ-та Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналып жарық көрген «Қазақстандағы әйелдер қозғалысы әлеуметтік жаңғырудың көрінісі ретінде» кітабында келтірілген пресс-клиппинг материалдарына жүгінсек, мониторинг жүргізілген 40 материалдың 100 пайызы дерлік еліміздегі гендерлік теңдік мәселесін оң бағалайды. Әйелдер мәселесімен айналысатын ҮЕҰ тәжірибелерін, кездескен қиындықтар туралы жарияланған материалдарда талдаудан гөрі комментарий басым. Әрине, гендерлік теңдік мәселесін қазақстандық БАҚ-та жариялауда әрқашан оң бағалау тәжірибесі кезедсе бермейді. Қазақтілді басылымдарда бұл мәселеге сыни көзқарастағы материалдардың жариялануы да кезедеседі.
       Мақала авторы өзінің 2009 ж. зерттеулерінде:
     «Алдыңғы қатарлы елге ұмтылған қоғамда гендерлік теңсіздік және теңдік мәселесі де «ұлттық идеяны» айқындаушы факторлар қатарында. Қазақ қоғамы үшін қолдау тауып та, сыналып та жатқан кереғар пікірлердің алмағайып түсуіне ықпал етіп отырған мәселе – осы. Әйелдер мәселесі тарихи жағынан алғанда да, бүгінгі шынайы уақыт шеңберінен алғанда да бұқаралық санаға әсер ететін, қоғам дамуына да ықпалды көпшілік құбылыстар қатарында. БАҚ ұлтаралық мәселені қозғағанда қалай сақ болса, бұл мәселеге келгенде де солай сақ болуы қажет. Өйткені қазақ қоғамындағы ұлттар мен этностардың бұл мәселеег келгенде қалыптасқан заңдылықтары, салт-дәстүрлері бар. Батыстан келген гендерлік саясатты түрлі көзқарастар мен алуан пікірлер алаңындағы Қазақстан жағдайына теліп, теңеуде өзіндік орта мен соны іліп алар қоғамдық сананы дайындау, дамыту  таяу болашақтың міндеті»-деп атап өткен болатын. 
     Елімізде гендерлік теңдік тақырыбында жариялану мәселесі ешбір кедергі тудырмасы анық. Дегенмен  сезімтал тақырып аясында терең журналистік зерттеулер, талдамалық материалдардың саусақпен санарлықтай екендігі даусыз. Сондықтан да гендерлік теңдік бізген не береді, қандай басымдықтары бар, қандай әлсіз тұстары бар деген сұраққа жауап БАҚ бетінде әлі толық жариялана қоймады. Сондай-ақ тұрмыста, өмірде өз құқын қорғай алмай жүрген әйелдердің саны қаншама? Бірақ соның біреуінің өмір тарихы ширатылып, таратылып, қоғамдық санаға, бұқаралық ойға әсер етерліктей жазылды ма? Жоқ. Соныдқатн да журналистер мен БАҚ өкілдерінің алдында аталмыш тақырыпта ойланатыны, жазатыны, жариялайтыны күтіп тұр.  

Гүлмира Сұлтанбаева,
саяси ғылымдарының докторы,
 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

Категория: Выступления | Добавил: Bdinas
Просмотров: 4042 | Загрузок: 0 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 3
3 Luvvjz  
0
buy atorvastatin 20mg sale <a href="https://lipiws.top/">buy atorvastatin generic</a> order lipitor 10mg generic

2 Kbnhyh  
0
atorvastatin 20mg ca <a href="https://lipiws.top/">buy lipitor 80mg generic</a> buy lipitor generic

1 Guvwxn  
0
lipitor 40mg uk <a href="https://lipiws.top/">atorvastatin oral</a> order lipitor 80mg generic

Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск

Друзья сайта
  • ОО "ЕрАзамат"
  • ОО "Союз женщин интеллектуального труда"
  • Сайт казахстанской школы социально-отвественной журналистики
  • Миграция.kz
  • Copyright MyCorp © 2024Создать бесплатный сайт с uCoz