Воскресенье, 19.05.2024, 01:14
Стратегия гендерного равенства в Алматы
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Выступления [4]
Семинар/тренинг [4]
Актуальная информация [1]
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 9
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » Файлы » Выступления

Алматы: гендерлік мәселелердің шешілуі
08.07.2012, 12:38
Қазақстанда гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істеуде. Қоғамымыздағы маңызды мәселелерді шешуді мойнына алған комиссияның негізгі міндеті Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму және 2006-2016 жылдарға бағытталған гендерлік теңдік стратегиясы аясында отбасы, ерлер мен әйелдер теңдігін мұрат еткен мемлекеттің кешенді саясатын және осы тақырыптағы халықаралық келісім-шарттарды жүзеге асыру болып табылады.
Осы бағытта Алматы қаласы «Көшбасшы әйелдер» орталығы мен «Әріптес» үкіметтік емес кәсіподақ ұйымы бірлесіп 2011 жылы бір жылдық жұмысын қорытындылап «Алматы: гендерлік сұрақтардың шешімі» атты әдістемелік кітабын жарыққа шығарды. Кітапта «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясы» кеңінен көрініс тапқан. Кітап екі тараудан тұрады. Онда жанұя мәселелері мен көшбасшы әйелдер мектебінің мегаполис аймағындағы жұмыстары қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығымен Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітілген. Осы жерде гендер туралы мынадай қағидалар бар:
Гендер – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.
«Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді.
«Гендер» термині әлеуметтік процесстерді түсінуге арналған талдау құралы болып табылады.
Гендерлік талдау – әзірленіп жатқан және қолданыстағы дамыту жобаларының ерлер мен әйелдерге түрлі әсерін жүйелі түрде зерттеу. Ол саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да факторлардың әйелдер мен еркектерге қалайша әсер ететінін көруге және салыстыруға мүмкіндік береді.
Гендерлік теңгерім – ұйымдастырушылық құрылымның барлық деңгейлеріндегі ерлер мен әйелдердің теңдігі.
Гендерлік бюджет – барлық салалар мен қызметтердің түрлері бойынша мемлекеттік бюджеттің ерлер мен әйелдердің түрлі топтарына ықпал етуін бағалау құралы.
Гендерлік бағдарланған қаржыландыруды талдауды көздейді, барлық салалар мен қызметтердің түрлері бойынша негізгі шығыстардың әйелдер мен ерлерге жеке әсерін қарастырады, мемлекеттік қызметтер саласындағы мүмкіндіктердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған стратегиялар мен қаржыландыруды талдайды.
Гендерлік зерттеулер – әйелдер мен ерлердің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени мәртебесін, гендерлік рөлдері мен гендерлік қарым-қатынасын зерттеу. Қоғамдағы гендерлік қатынастарға ықпал ету жөніндегі саясатты, стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу мен жоспарлау үшін ақпарат беру. Осылай болып кете береді.
Біздің елімізде гендерлік теңдік мәселелерінде белгілі бір жетістіктерген қол жеткізілді, сонымен қатар, нормативті-құқықтық база да жетілдірілуде. 2009 жылдың желтоқсанында гендерлік бағыттаушы заңнама аясында «Тұрмыстық зорлықтың алдын-алу туралы», «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдігі туралы» Заңдар қабылданды.
Ер адамдар мен әйелдердің айырмашық о бастан табиғи жаратылысында екені белгілі. Ер адам ықылым заманнан бері отбасын асырап, тау-тасты аралап аң аулап, құс атып, жаугершілік т.б. жұмыстарды жасап жүрген. Ал әйел баласының қазметіне отбасының берекесін келтіру, бала бағу, тамақ дайындау т.б. бітпейтін үй шаруашылығына араласу болған. Осы қағида келе-келе адамдардың санасында әйел тек бала бағу мен отбасының тірлігінде отыру болып қалыптасты.
Қазіргі таңда ескі ұғымның уақыты өткендігін күнде өмірден көріп жүрміз. 60 пайыз әйел қауымы осы күні бизнеспен айналысуда. Жеке меншік немесе жалдамалы жалақысы да жоғары жұмыс орындарда әйел адамдардың басшылық қызметте отырғандарының куәсі болып жүрміз.
Осы айтылған сөздеріміздің дәлелі ретінде жоғарыда аты аталған кітапта Алматы қаласы әйелдер көшбасшыларының жасаған жұмыстары жайлы жазылған. Мысалы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Л.С.Ахметованың «Қазақстан жанұясы және БАҚ» атты мақаласында «Қазақстан егенмендігін алған 20 жыл ішінде жанұяға күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан беріліп отырған ақпараттың қалай әсер етіп отырғандығы жан-жақты тарқатылып жазылған. Ұлттық құндылықтарымызды келешек ұрпаққа БАҚ арқылы оның ішінде теледидар арқылы насихаттауымыз керек», - дейді. «Открытая школа» ООФ орындаушы директоры Попова Л.А., айтуынша олар С.Бегалин атындағы кітапхана қызметкерлерімен біріге отырып «Ата-аналар мектебін» ашқан.
Саяси ғылымдарының докторы, журналист Сұлтанбаева Г.С., «Әйел саудасы: құқықтық және өнегелілік мәселелері» атты мақаласы әйел саудасы – ХХІ ғасырда да өркениетті қоғамда шешімін таба алмай келе жатқан мәселе екендігін алға тартады. «Зорлық пен күштеу жағдайында болған әйелдер көбінде қылмыстың құрбаны бола отырып, басқаларға бұл жайында айта бермейді әрі тағы бір кедергі – басынан өткен жәйтті ұят санайды. Қылмыс жасағандар үшін ұят саналмаса да, соның құрбаны болғандар үшін ұят саналатын қоғамдық стеоретип қалыптасуы дұрыс емес. Бұл құбылыстың әйгілі болуына кедергі келтіреді әрі зәбірленген әйелдерді кінәламастан дұрыс түсінуге, көмек көрсетуге лайықты орта қалыптастыру қажет» - дейді автор.
«Серіктестік және әлеуметтік анализ орталығы» Қоғамдық фондының бас директоры Конарова А.С., «Қазіргі жанұя туралы ой» атты жұмысында, қазіргі жанұяның мәселелсін психология, педагогика, әлеуметтану, демография, және экономика ғылымдарының тұрғысынан қарау керек деген мәселені айтады. Өйткені жаңадан отбасын құрғандардың көбісі балалы болуды жанұяның негізгі қағидасы ретінде қарастыра бермейді, олар жұмыс бабын көп ойлап кеткендер, содан да болуы мүмкін көбіне балаға дер кезінде көңіл бөлінбегендіктен жасөспірімдер шылым шегу, алкогольді ішімдіктерге әуес болу, нашаға ерте бастан дең қою, қыздардың арасында ерте жыныстық қанысқа түсу мәселелері орын алып жатады дейді.
«Тұран» университетінің аға оқытушысы, журналист Жумалиева Б., «Гендерлік өркендеу және жанұя: тарихи көрініс» атты мақаласында «ХХІ ғасыр табалдырығыда гендерлік тепе-теңдік дейміз. Біз өзімізге ең бастысы: бізге не керек екендігін білу. Еркекті әйелмен теңестіру ма әлде, әйелді еркекпен ба? Еркек пен әйел қазір қандай күй кешуде?» деген сұрақтармен бастап ойын жақсы жеткізген.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың филология ғылымдарының докторы, Н.Т. Шыңғысованың «Отбасы тәрбиесі және студенттің жеке тұлғасын қалыптастырудағы эдвайзер-куратордың рөлі» атты мақаласында мектептегі, университеттегі педагогтардың әке-шешенің орнын баса алмайтындығын түсіндіреді. Бала тәрбиесіндегі олқылықтардың бірнеше себептерін атап көрсеткен:
1. Күні бойы жұмыста болғандықтан, ата-анасының балаларын тәрбиелеуге уақыты жоқ.
2. Ата –ананың бала тәрбиелеуге білімі жетпейді.
3. Бала тәрбиелеуде әкесі мен анасының көзқарастары әртүрлі.
Міне осындай мәселелрді алға шығарғанда барып дұрыс шешім табу болатындығына ата-ананың көздерін жеткізу болып табылады.
Кітаптың екінші тарауында Алматы қаласындағы 2011 жылғы «Көшбасшы әйелдер мектеп жұмысы және үйлесімділік» атты тарауында қалада жұмыс жасап отырған жеті жетекші әйелдер мектептердің атаулары мен жетекшілері таныстырылып өткен. «Көшбасшы әйелдер мектебінің» жетекшілері өздерінің жыл бойғы жоспарларын осы жерде ашып көрсеткен.
«Гүлзар» ҚБ-ның директоры Қабдолданова Батиманың жүргізуімен on-line жасөспірім қыздарға, студенттерге, жастармен жұмыс істейтің ұйым басшыларына дәрістер жүргізіліп отырады.
ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің аға оқытушысы Ложникова О.П. «Көшбасшы - әйел мәдениетінің коммуникативтілігі» деген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің кәсіподақ төрайымдары мен көшбасшы мүшелеріне арнап дәрісті оқыған.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ниязгулова А.А., «Гендерлік тепе-теңдіктін қамтамасыздығы, мемлекетіміздің демократиялық көрсеткіші» деген дәрісін студент жастар арасында оқыған.
Міне, қарап отырсақ ерлер мен әйел арасындағы көшбасшылық мәселесі бүгінгі күн тәртібінде тұрған бірден-бір күрделі мәселе екендігіне көзіміз жетіп отыр.
Дегенменде бүгінгі күні қоғамымызда гендерлік саясатты қолдайтындар да, мейлінше жек көріп, ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан «ата - орны, ана - орны», отбасылық мәдениетке кесірін тигізетінін айтып сынаушылар да бар.
Түсінген адамға қорқынышты ештеңе де жоқ. Бірақ қазақы ортада бұл сөз шошына қарайтын әдет бар, себебі оның мағынасы әуел бастан дұрыс түсініктін қалыптаспауында.
Алмагүл Құрманбаева
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
журналистика факультеті
Категория: Выступления | Добавил: Bdinas
Просмотров: 1442 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Ekctfp  
0
atorvastatin where to buy <a href="https://lipiws.top/">lipitor 40mg ca</a> lipitor 40mg drug

Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск

Друзья сайта
  • ОО "ЕрАзамат"
  • ОО "Союз женщин интеллектуального труда"
  • Сайт казахстанской школы социально-отвественной журналистики
  • Миграция.kz
  • Copyright MyCorp © 2024Создать бесплатный сайт с uCoz